Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Елшілік Туралы

    Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіз!

    Сайт жұртшылықты Қазақстанның Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясының қызметімен таныстыру үшін ұсынылған.

    1992 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

    2026 жылғы 22 шілдеден бастап Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

    « Astana Eurasian Book Fair -2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ОтырысАяқталды

    Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

    2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шара мақсаты - қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру. Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде. Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар: Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық; Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі Табиғи ресурстарды орнықты басқару; Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару; Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері; Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең; Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер; Климаттық өтуді қолдау. Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарлануда. 2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын. Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia. Толық ақпарат https://res2026.kz/ веб-сайтында.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 2026 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын. 3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын. 4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. 6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан № 1170 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

    15 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Казахстан
    ОтырысАяқталды

    🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

    2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауы мен жәрдемі арқылы Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Өзбек көрерменіне қазақ кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін бейнелейтін «Әміре», «Дос-Мұқасан» және «Паралимпиец» көркем фильмдері ұсынылды. Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі бауырлас халық арасындағы мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Ташкент қаласында Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент
    ОтырысАяқталды

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында Қазақстан мен Өзбекстан мәдениеті мен өнеріндегі ең ірі оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың көрнекті суретшісі Орал Тансықбаевтың (1904–1974) шығармашылығына арналған салтанатты көрме ашылды. Көрме Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның бастамасымен Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры ұйымдастырды. Іс-шаранының өтуіне Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі де қолдау көрсетті. 124 туындыдан тұратын экспозицияны Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші музейлерінің қорларынан әкелінген, әлемге танымал өнертанушы, халықаралық көрмелердің кураторы Зельфира Трегулова таныстырды. Көрмеге Өзбекстан Олий Мажлисінің Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Садык Сафаев, Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Креативті экономика және туризм департаментінің басшысы, Мәдениет және өнерді дамыту қорының төрайымы Гаянэ Умерова, Қазақстан мен Өзбекстанның белгілі суретшілері мен өнертанушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, түрлі мемлекеттердің дипломатиялық корпусы, БАҚ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты. Орал Тансықбаев көрмесі – Орталық Азияның сұлулығы мен рухын бейнелейтін аңызға айналған картиналарды көруге бірегей мүмкіндік. Экспозицияда белгілі пейзаждар, портреттер мен тақырыптық туындылар ұсынылған. Суретші ұлттық колоритті жаңашыл өнер тәсілдерімен ұштастыра білді. Бұл көрме ұлы шеберді еске алу ғана емес, жас суретшілерді шабыттандыруды да мақсат етеді. Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде: «Тансықбаев мұрасы – тек Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл ортақ шаңырағымыз – Орталық Азияның қазынасы. Оның картиналары – біздің тарихымыз, біздің жанымыз. Оның шығармашылығы халықтарымызды біріктіретін тамырды тереңірек түсінуге көмектеседі», – деп атап өтті. 🖼Көрме 2025 жылғы 20 қарашаға дейін жалғасады.

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Галерея изобразительного искусства Узбекистана
    ОтырысАяқталды

    Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері

    🇰🇿🚑🇺🇿Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері бірегей жобасы басталды. Іс-шараға Қазақстаннан келген 100-ге жуық түрлі саладағы дәрігерлер қатысуда. Олар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Ферғана облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын, консультациялар мен хирургиялық операциялар өткізеді және оқыту семинарларын ұйымдастырады. Медицина күндері 5 күнге созылып, Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау министрлері қатысатын ірі екіжақты медициналық форуммен аяқталады. Жоба барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сырдария және Жызақ облыстары тұрғындарына бастапқы медициналық тексеру жүргізу үшін төрт мобильді медициналық кешенді ұсынады.

    13 қазан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Фергана, Самарканд, Бухара, Нукус