
Ташкент, 2026 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановтың Швейцария Конфедерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Симон Гигермен оның елдегі дипломатиялық қызметінің басталуына орай кездесуі өтті.
Қазақстандық дипломат швейцариялық әріптесін жауапты лауазымға тағайындалуымен жылы лебізбен құттықтап, аймақтағы халықаралық байланыстарды нығайту ісіне табыс тіледі.
Келіссөздер барысында басты назар Орталық Азиядағы көпжақты іс-қимылды дамытуға және өңірлік күн тәртібінің негізгі бағыттарына аударылды.
Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды талқылау аясында сұхбаттасушылар озық швейцариялық және еуропалық технологияларды қолдана отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.
Дипломаттар экология және тұрақты даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Тараптар су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және Орталық Азияның бірегей экожүйелерін сақтау мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелері қозғалды. Елшілер Ташкентте аккредиттелген дипломатиялық миссиялар арасындағы академиялық және сарапшылық диалогты кеңейтуді қолдады.
Кездесу дәстүрлі жылы, достық және сындарлы ахуалда өтті.






