Самарқандта Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

    1 / 10

    Самарқанд, 2026 жылғы 19 қазан –Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының диалогтық платформаға төрағалық ету жылында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер ведомстволары басшылары және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысқан «С5+1» форматындағы министрлік кездесуге қатысты.

    Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

    Қазақстан СІМ басшысы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді платформа ретінде өзін танытқан «С5+1» форматының қалыптасуындағы Қазақстан мен АҚШ-тың тарихи рөлін атап өтті.

    Министр сауданы кеңейтудің, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың және жеткізу тізбектерін әртараптандырудың маңыздылығына назар аударды.

    Сонымен қатар іс-шара қатысушылары аса маңызды минералдар, энергетика, цифрландыру және инновациялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға дайындығын білдіретін Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары