«Орталық Азия – АҚШ» саммиті қарсаңында «С5+1» форматында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд қаласында АҚШ пен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, сондай-ақ халықаралық іскерлік топтардың өкілдерімен бірқатар бейресми кездесулер өткізді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі П.Капурмен кездесубарысындатараптар өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Т.Боуэнс бастаған IG Global Group басшылығымен өткен кездесуде Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру, оның ішінде Балқаш өңіріндегі «Прибрежное» мыс-порфир кен орнын игеру мәселелері, сондай-ақ компанияның Өзбекстандағы қызметін дамыту перспективалары талқыланды.
Air Products компаниясының Еуропа және Африка бойынша президенті И.Болспен кездесуде газ өңдеу, газ химиясы, мұнай өңдеу және металлургия салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Компания Өзбекстанға 1,15 млрд АҚШ долл.астам инвестиция құйған және әлеуеті жоғары бес жобаны пысықтауға қатысуда.
Өзбекстанның Жеңіл өнеркәсіпті дамыту агенттігінің өкілі М.Султановамен кездесуде тоқыма, былғары және аяқ киім, сондай-ақ жібек өнеркәсібі салаларындағы қазақ-өзбек кооперациясын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар Елші АҚШ-тыңҚазақстандағы Елшісі Дж.Стаффтпен жәнеFreedomHoldingCorp. өкілі Дж.Керрменкездесті.
Кездесулер қорытындысы бойынша инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілік расталды. Бизнес өкілдеріне қазақстандық кәсіпкерлердің Өзбекстандағыіскерлік кеңесімен өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды.









