Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі

    Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы
    Елші

    Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

    Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Туған күні мен орны: 13 мамыр, 1963 ж., Батыс Қазақстан облысы. Білімі: Қарағанды мемлекеттік университетін (1988 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институты (1994 ж.). 1991 – 1999 жж. Қазақстан Республикасы Ғылыми академиясында және жоғары оқу орындарында ғылыми қызметкер. 1999 – 2000 жж. Қазақ мемлекеттік заң университеті өкілдігінің директоры. 2000 – 2001 жж. Қазақ мемлекеттік заң университеті Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры. 2001 – 2006·жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 – 2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 2008 – 2017 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары. 2017 – 2019 жж. Маңғыстау облысының әкімі. 2019 – 2020 жж. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. 2020 – 2022 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2022 – 2023 жж. Ақтөбе облысының әкімі. 2024 – 2026 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2026 ж. 22 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Саясаттану ғылымдарының докторы.

    Екіжақты қарым-қатынастар