
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
Туған күні мен орны: 13 мамыр, 1963 ж., Батыс Қазақстан облысы.
Білімі: Қарағанды мемлекеттік университетін (1988 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институты (1994 ж.).
1991 – 1999 жж. Қазақстан Республикасы Ғылыми академиясында және жоғары оқу орындарында ғылыми қызметкер.
1999 – 2000 жж. Қазақ мемлекеттік заң университеті өкілдігінің директоры.
2000 – 2001 жж. Қазақ мемлекеттік заң университеті Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры.
2001 – 2006·жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006 – 2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
2008 – 2017 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары.
2017 – 2019 жж. Маңғыстау облысының әкімі.
2019 – 2020 жж. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
2020 – 2022 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2022 – 2023 жж. Ақтөбе облысының әкімі.
2024 – 2026 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2026 ж. 22 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Саясаттану ғылымдарының докторы.



