Елордалық гимнастар Азия ойындарында үздік бестікке енді

    Елордалық гимнастар Азия ойындарында үздік бестікке енді

    Елордалық спортшылар – Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан жеке көпсайыстың финалында үздік бестікке енді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 108,000 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Айбота Ертайқызы 106,200 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.

    Жеке көпсайыстың финалында іріктеу кезеңінен сәтті өткен үздік 10 гимнаст өнер көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары