Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округінің орталығы Петропавл ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке қатысып жатқан тұрғындармен жүздесті

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округінің орталығы Петропавл ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке қатысып жатқан тұрғындармен жүздесті

    Өңір басшысы ауыл тұрғындарымен елді мекеннің тазалығы мен абаттандырылуы, сондай-ақ ауыл аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелесті.

    Қоршаған ортаға ұқыпты қарау және туған ауылды абаттандыруға барша тұрғынның атсалысуының маңыздылығын атап өтті.

    «Ауылдың тазалығына әр адам жауапкершілікпен қарауы керек. Ой таза болса, айналамыз да таза болады. Мұны өскелең ұрпақ, жастар көріп, үлгі алады. Бүгінде ауылдарымызда аябақтар мен түрлі нысандар салынып, жаңа асфальт төселуде. Мұның барлығы – Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Игі шараларды ауызбіршілікпен әрі қарай жалғастыруымыз керек»,
    – деді Асхат Шахаров.

    Айта кетейік, облыс аумағында екі айлық тазалық және абаттандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның аясында елді мекендерді тазалау және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.

    Желтау ауылдық округінің құрамына бір елді мекен – Петропавл ауылы кіреді. Мұнда 636 аула бар, 2,5 мыңнан астам адам тұрады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары