ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТТІ

    1 / 40

    2026 жылғы 12 қарашада Шардара ауданында тұрғын үй мәселелеріне арналған «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті. Кездесу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру жоспары аясында ұйымдастырылды.

    Іс-шарағаШардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы – Карибаева Рабиға Өсербайқызы,«Шардара ауданының Тұрғын үй және газ қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері – Абжаппарқызы Таңшолпан,«Отбасы банк» АҚ-ның консультанты–Жанпейсова Жанара Асанқызы және«Halyk Bank» АҚ-ның Шардара аудандық фиалының аға менеджері–Кабулова Сауле Жумабекқызықатысты. Кездесудің мақсаты-тұрғындарға тұрғын үй бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат беру, тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алуына және мамандардан кеңес алуына жағдай жасау.

    Кездесу барысында банк өкілдері тұрғын үй бағдарламалары мен оларды пайдалану тәртібі туралы түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке кеңес алып, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

    «Қызмет алушылар күні» тұрғындар мен жауапты мамандар арасындағы тікелей байланысты нығайтып, тұрғын үй мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, азаматтардың сұраныстарына бағдарланған қызмет көрсетуге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары