ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН ӨМІР КЕПІЛІ
Есірткіге қарсы күрес және оның алдын алу – қоғам алдындағы ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды.
Осы бағытта Кентау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форумы шеңберінде 2–11 қараша аралығында онкүндік профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Онкүндік барысында қаладағы білім беру ұйымдары мен тиісті мекемелердің бірлесуімен мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында есірткінің зияны, оның адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зардабы, есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік және олардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жастардың қатысуымен профилактикалық кездесулер, ашық сабақтар, семинарлар, психологиялық тренингтер, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
11 қараша күні онкүндік аясындағы қорытынды іс-шара өткізіліп, жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








