КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппаратының басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды.
Күзгі ағаш отырғызу және көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша «Жасыл қала» КММ басшысының уақытша міндетін атқарушы Бағлан Асанов баяндама жасады. Ол қала аумағында жүргізіліп жатқан күзгі көгалдандыру жұмыстары, отырғызылып жатқан көшеттер мен оларды күтіп-ұстау, суғару жүйелерінің дайындығы туралы есеп берді.
Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және жолын кесу бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ердаулет Сапарбайұлы баяндады. Ол рейдтік іс-шаралардың нәтижелері, анықталған құқық бұзушылықтар және бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Баяндамаларды тыңдаған қала әкімі әрбір бағыт бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында қала әкімі берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы тікелей бақылауда болатынын ескертті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








