ҚЫДЫРӘЛІ АҚБОТА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

    ҚЫДЫРӘЛІ АҚБОТА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!
    Астана қаласында өткен кураш күресінен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы Қыдырәлі Ақбота 78 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
    Әлемнің үздік спортшылары бас қосқан дүбірлі додада Ақбота жоғары шеберлігі мен қайсар мінезін көрсетті.
    Алғашқы белдесуінде Грузия елінің спортшысын сенімді түрде жеңген жерлесіміз жартылай финалда Үндістан өкілінен айқын басымдықпен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
    Шешуші белдесуде Азия ойындарының жеңімпазы, Өзбекстан елінің тәжірибелі спортшысымен күш сынасып, тартысты кездесу нәтижесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
    Жаттықтырушысы – Самат Арғынбаев.
    Бұл жетістік – спортшымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушысының жүйелі дайындығы мен кәсіби шеберлігінің жемісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары