«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

    Қайнар ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Аталған шараға ауылдағы мекеме қызметкерлері мен Қайнар ЖШС ұжымы белсене қатысып, ауыл маңындағы бұлақтың айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, бұлақ маңы ретке келтірілді.

    🌱 Табиғи су көздерін таза ұстау – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Бұлақ маңын таза ұстау арқылы біз табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға өз үлесімізді қосамыз.

    «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, табиғатты аялау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

    Қайнар ауылының тазалығы мен көркеюіне атсалысып, белсенділік танытқан барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз! 🤝

    Тазалық – баршамызға ортақ міндет!
    Туған жерді таза ұстайық!
    Табиғатты бірге қорғайық! 🌿

    #ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #ҚайнарАуылы #Экология #Абаттандыру #Тазалық #ТуғанЖер

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары