6 қараша Қайнар ауылында өнер иесі Азамат Құрманбекұлының қатысуымен «Мен сені сүйем, өмір!» атты қайырымдылық концерті жоғары деңгейде өтті.
Аталған игі шара Қайнар және Изенді ауылдарының бірлесуімен ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына ерекше көңіл күй мен рухани әсер сыйлады.
Концерт барысында Азамат Құрманбекұлы әсем әндерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Бустекбаева Аида Бекежановна өз шәкірттерімен бірге өнер көрсетіп, кештің көркін қыздырды. Жас өнерпаздардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл шараның басты мақсаты – қайырымдылықты дәріптеу, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау, ауыл тұрғындарын ізгілік жолында біріктіру.
Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан ұйымдастырушыларға, өнер көрсеткен өнерпаздарға, қолдау білдірген азаматтарға және барша көрерменге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгілік! Бірлік бар жерде береке, мейірім бар жерде жылулық бар! ❤️
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








