Шығыс Қазақстанда «Пиротехника» ЖПШ басталды

    Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады. Оның негізгі мақсаты – пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату, сақтау және пайдалану фактілерінің алдын алу, сондай-ақ сертификатталмаған өнімдердің таралуына жол бермеу.

    Іс-шара екі кезеңде өтеді: 2026 жылғы 16–30 қараша аралығында және 2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін.

    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сатылатын сауда орындарын тексеріп, заңсыз сауданың жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар тұрғындарға пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз сатып алу және пайдалану тәртібі түсіндіріледі.

    Облыс тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды төмендегі мекенжайлар бойынша сатып ала алады:

    Өскемен қаласы - «Улан» ЖШС – Виноградов көшесі, 17А («Дос-Нар» сауда үйі); Бажов көшесі, 33/1 («Самал» сауда үйі); Қазақстан көшесі, 62 («ADK RIVER» сауда үйі); «СТиК» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 51 («MAXI MALL» сауда үйі); Жібек Жолы көшесі, 1 («Магнум» сауда үйі); Бажов көшесі, 110 («АДК» сауда үйі); «PANNDA» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 84 («Fresh Market» сауда үйі);Риддер қаласы - «Улан» ЖШС – Тәуелсіздік көшесі, 39 («Валентина» сауда үйі);Алтай қаласы - «Алтай Салют» ЖШС – Первомайская көшесі, 23/2.

    Полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға, сәйкестік сертификаттарының бар-жоғын тексеруге және пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтауға шақырады.

    Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Оларға отшашулар мен петардаларды өз бетінше пайдалануға жол бермеңіздер.

    Мереке қуанышты сәттермен есте қалсын, қауіп-қатерге ұласпасын!

    Дереккөз: ШҚО ПД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары