1 / 2
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Боранқұл ауылының маңында рейдтік іс-шара өткізді.
Тексеру барысында аңшылардың қару-жарақтары мен рұқсат құжаттарының заңдылығы қаралды. Сонымен қатар азаматтарға табиғат қорғау заңнамасының талаптары мен аңшылық қаруды қауіпсіз пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Рейдтің басты мақсаты – браконьерлік деректерінің жолын кесу, заңсыз аңшылықтың алдын алу және табиғи байлықты қорғау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









