Базарларда учаскелік полицейлер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда

    1 / 3

    Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Н. Атамұрат өзіне бекітілген әкімшілік аумақта орналасқан дүкендер мен базарларда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Базар аумағында тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторы өзінің қызметтік визиткаларын таратып, азаматтарға қажетті ақпараттар берді.

    Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және учаскелік полиция инспекторларымен байланыс орнату тәртібі түсіндірілді.

    Полиция қызметкерлері кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары