Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Жедел басқару орталығымен (ЦОУ) бірлесіп, «Sergek» бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Аталған жүйе арқылы аудан аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындар тәулік бойы бақылауға алынған. Бейнекамералар көмегімен жол қозғалысы ережелерінің сақталуы қадағаланып, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталады.
Тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпарат полиция қызметкерлеріне жедел жеткізіліп, әрбір жағдай бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
«Sergek» бейнебақылау жүйесін пайдалану құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оқиғаларды дер кезінде анықтауға және полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Басты мақсат – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









