Мұнайлы ауданында жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері түсіндірілді

    Мұнайлы ауданы аумағындағы Қызылтөбе-2 елді мекенінің №6 мектебінде 9–10-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Кездесуге Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің Жоспарлау және талдау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Бақытгүл Масқарова, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық тобының аға инспекторы, полиция капитаны Райса Калубаева, сондай-ақ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Абдумалик Сафиев қатысты.

    Кездесу барысында оқушыларға алаяқтық пен ұрлық қылмыстарының алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері, олардың зардаптары және мұндай жағдайларға тап болған кезде әрекет ету тәртібі сөз болды.

    Полицейлер оқушыларға құқық бұзушылықтарға жол бермеу, интернет кеңістігінде жеке деректерді қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берді.

    Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары