«Сақтан» жобасы аясында Мұнайлы ауданында нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

    1 / 3

    «Сақтан» жобасы аясындағы кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №1 жалпы білім беретін мектебінде өтті.

    Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері, психологиялық саулық, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер қатысты:

    ▪️ Ермек Нұрбек Жүсіпқанұлы – Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-резиденті, психиатр-нарколог;

    ▪️ Нұржан Маратұлы – Kaz Rehab оңалту орталығының психолог-аддиктологы;

    ▪️ Қалиев Мұрат Саламатұлы – криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция майоры;

    ▪️ Оразымбетов Роман Искандірұлы – нашақорлыққа қарсы күрес және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қоғамдық қордың басшысы.

    Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, олардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу.

    Мұндай профилактикалық кездесулер жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына, өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары