Ақтауда сауда орындарында алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қала аумағындағы сауда орындарында алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында 29А шағын ауданына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары сауда орындарының қызметкерлері мен келушілеріне өздерінің қызметтік визиткаларын таратып, қажетті ақпараттар берді.

    Кездесу кезінде азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректер мен банк карталарының қауіпсіздігі, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары түсіндірілді.

    Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда полицияға жүгіну тәртібі айтылды.

    Полиция қызметкерлері тұрғындар мен кәсіпкерлерді сақтық шараларын қатаң ұстануға, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге және алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары