«Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясы 10 айдағы жұмысының қорытындысын шығарды

    1 / 3

    11 қарашада Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

    Іс-шараға Комиссия мүшелері, Уәкілдің өңірлік өкілдері және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.

    Отырыс барысында Комиссияның 2026 жылдың 10 айындағы қызметінің қорытындылары, құқық қорғау жұмысының тиімділігін арттыру және жастарды адам құқықтарын қорғау ісіне одан әрі тарту мәселелері қаралды.

    Комиссия мүшелері 544 іс-шара өткізіп, 273 мыңнан астам адамды қамтыды. Бұл жұмыс жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталды. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында дәрістер, семинарлар, пікірсайыс турнирлері мен диалог алаңдары ұйымдастырылды. Нашақорлықтың, интернет-алаяқтықтың, буллингтің және жастардың қауіпсіздігіне төнетін өзге де қатерлердің алдын алуға баса назар аударылды. Сонымен қатар қабылдаулар өткізу, құқықтық кеңес беру және кәмелетке толмағандар ұсталатын немесе тәрбиеленетін мекемелерге мониторингтік сапарлар жасау тәжірибесі артты.

    Отырыс қорытындысы бойынша Артур Ластаев Комиссия қызметінің практикалық бағытын одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Оның тапсырмасына сәйкес Комиссия мүшелері жастардың өзекті мәселелерін анықтау мен шешуге, еңбек құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары