Астанада адам қадір-қасиетін қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

    1 / 5

    Астанада «Адам қадір-қасиетін қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу: Омбудсмен институттарының рөлі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық қорғау қызметінің тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.

    Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық аясында ұйымдастырған іс-шараға Орталық қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің, Ғылыми және Жастар комиссияларының мүшелері қатысты.

    Семинарда Еуропа Кеңесінің консультанттары, Ішкі істер министрлігінің және Ғылыми комиссияның өкілдері баяндама жасады.

    Іс-шара барысында адам қадір-қасиетінің іргелі құндылық ретіндегі маңызына, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау, ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа Конституциясындағы адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты орынға қойылған құқық қорғау ережелері атап өтілді.

    Бүгінде адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қағидатын нығайтуға және теңдік қағидаттарын ілгерілетуге белсенді үлес қосып жүрген жастарды құқық қорғау қызметіне тарту мен олармен өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

    Кәсіби тәжірибе мен жас ұрпақтың бастамаларын ұштастыру адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді шешудің кешенді тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары