Омбудсмен мен Швейцария Елшісі адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады

    1 / 5


    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кристина Хонеггер-Золотухинмен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

    Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе және озық практикалармен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Артур Ластаев Елшіні Қазақстанның құқық қорғау институтының қызметі, іске асырылып жатқан бастамалар және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екенін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары