2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткіші, негізсіз жолдамаларға талдау және проактивті сырттай куәландыруды одан әрі жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес.
2026 жылдың 21 қазанында Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында аудандық және қалалық медициналық мекемелердің дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағаларын қатыстыра отырып 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мүгедектікке шығу көрсеткіштері, негізсіз жолдамалардың үлесі, проактивті сырттай куәландырудағы жоспарлы көрсеткішті орындау бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында 2026 жылдың 9 айынын қорытындысы бойынша әр медициналық мекеменің алғашқы мүгедектікке шығу, толық және ішінара оңалту, мүгедектік тобын күшейту, МӘС-ке негізсіз жолдамалары бойынша көрсеткіштеріне 2025 жылмен салыстырмалы түрде талдау нәтижелері ұсынды.
Мүгедектікке алғаш рет шығу себептерін талдай отырып, мүгедектіктің алдын алу мен мүгедектігі бар адамдарға жүргізілетін оңалту іс-шараларын бақылауды күшейтуге, ДКК төрағаларына талдау нәтижелері бойынша диспансерлік бақылауды күшейту мен оңалту іс-шаралар жоспарын құруға, МӘС-ке негізді сапалы қорытынды жазуға кеңес берілді.
Сонымен бірге, жыл қорытындысы бойынша өтетін семинар-кеңеске алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткішінің себептеріне медициналық мекемелер бөлінісінде талдау жасай отырып, ұсыну тапсырылды.









