«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын күшейтті. Өзекті мәселелердің бірі – ауыр жүк көліктеріне белгіленген салмақ нормаларын сақтау.
«Оңтүстік» бақылау бекетінде инертті материалдар тасымалдаған 7 жүк көлігі тоқтатылды. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері олардың төртеуінен рұқсат етілген салмақ нормасының асып кеткенін анықтады. Көлік иелері жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер шамадан тыс жүк тиелген көліктердің жолдағы қауіп-қатерді арттыратынын ескертеді. Артық салмақ көлікті басқаруды қиындатып, тежеу жолын ұзартады.
Әкімшілік полиция қызметкерлерінің жол-көлік оқиғаларына жүргізген талдауына сәйкес, биылғы тоғыз айда СҚО-да жүк көліктерінің жүргізушілері кінәлі болған 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды.
Қаңтардан қыркүйекке дейін облыста барлық жол-көлік оқиғалары салдарынан 30 адам көз жұмды. Демек, жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың әрбір алтыншысы жүк көлігі жүргізушілерінің кінәсінен көз жұмған.
Полицейлер белгіленген салмақ нормасын асыру жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырып, олардың салдарын ауырлатуы мүмкін екенін атап өтеді. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмысы жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.









