СҚО полицейлері 2 күнде мас күйде көлік басқарған 10 жүргізушіні ұстады

    1 / 2

    Түнде рейд барысында полицейлер Петропавл қаласындағы Әуезов пен Кеншинбаев көшелерінің қиылысында «Mazda» автокөлігін тексеру үшін тоқтатты. Рөлде отырған 35 жастағы қала тұрғынынан алкоголь иісі шыққан. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

    Соңғы 2 күнде Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ішімдік ішкеннен кейін көлік басқарған 10 жүргізушіні анықтады. Жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған рейдтер «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілді.

    Заңда бұл құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

    Статистикаға сәйкес, 9 айда СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен 19 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған. Полицейлер жол қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары