Медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту үшін қандай құжаттар ұсынылады?

    Медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту үшін азамат алдымен тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуі қажет.

    Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (ДКК) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда азаматты МӘС-ке жолдайды.

    МӘС-тен өту үшін негізгі құжаттар:

    1. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат.
    2. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама — №031/е нысаны.
    3. Аурудың сипатын, ағымын және емдеу нәтижелерін растайтын медициналық құжаттар (қажет болған жағдайда).
    4. Еңбек қызметіне байланысты ауру немесе жарақат болған жағдайда тиісті қосымша құжаттар.
    Маңызды! Қажетті мәліметтердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық түрде алынады. Сондықтан азаматтан барлық құжаттардың қағаз нұсқасын ұсыну талап етілмейді.

    Ескерту: №031/е нысаны оған қол қойылған күннен бастап бір айға жарамды.

    МӘС сырттай проактивті форматта жүргізілген жағдайда азаматтың сараптамаға жеке қатысуы талап етілмейді.

    Нормативтік негіз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары