Бес медаль және рекорд!

    1 / 5

    Жапонияда Пара Азия ойындары өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының сапында жүзу, жеңіл атлетика және теннис сияқты үш түрлі спорт түрінен карагандылық он спортшы өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күні-ақ, яғни 19 қазанда біздің жүзушілер үш медаль жеңіп алды: Роман Потапов – қола, Диас Кенжебек – күміс, Наталья Звягинцева – күміс.

    Ал 20 қазан күні отандасымыз одан да үлкен қуанышқа бөледі! Диас Кенжебек 100 метр қашықтыққа шалқалап жүзуден алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын орнатты! Сондай-ақ бұл спортшы 200 метрге кешенді жүзу қашықтығында күміс жүлдегер атанды.

    Алдымызда әлі бірнеше жарыс күні бар. Аталмыш жүлдегерлер Азия ойындарының медальдары үшін күресті жалғастыруда. Жүзушілер бізді әлі де жеңістерімен қуантады деген сенімдеміз. Айтпақшы, таңғаларлық жағдай, бірақ шындық– біздің аса құрметті де аңыз адамымызНаталья Звягинцева жақында 50 жасқатолады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары