
2026 жылғы басты дода аяқталды. Қазақстанның еншісінде 84 марапат бар, оның 12-іалтын, 24-ікүміс және 48-іқола. Еліміз медальдар есебінде сегізінші орынға ие болды. Осы нәтижеге Қарағанды өңірінің спортшылары да өз үлесін қосты.Қазақстан құрамасы сапында біздің өңірден 42 өкіл 18 спорт түрінен өнер көрсетті. Қарағандылықтар 12 медаль — төрт күміс және сегіз қола жеңіп алды.
Қарағанды облысына Азиада- 2026 ойындарының алғашқы медалін Санжар Әділов сыйлады.Қарағандылық палуан 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ММА-дан қола жүлдегер атанды. Бұл – тарихи маңызы бар марапат, өйткені ММА жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген болатын.Сөйтіп,СанжарӘділов аралас жекпе-жектен алғашқы жүлдегер атанды.Біздің сұлуспортшы қыздарымыз төрт «күмісті» қанжығаға байлады. Жеңіл атлетші Аделина Земс 400 шақырымға кедергілермен жүгіруден екінші орынға ие болды. Финалда ол 54,58 секунд нәтиже көрсетіп, жеке рекорд орнатты.Биіктікке секіруден Азия ойындарының «күмісін» Кристина Овчинникова жеңіп алды. Қарағандылық Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен 76 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді. Ал,дзюдошы Аида Тойшыбекова ұлттық құрама сапында командалық аралас турнирде өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Қылышпен семсерлесуден жекелей сында және командалық есепте Артем Саркисян екі қола медаль жеңіп алды. Жеңіл атлетшіАлина Чистякова жетісайыстантұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Байдаркамен 500 шақырым қашықтықтағы финалдық жарыста теміртаулық спортшы Дмитрий Холмогоров мәреге үшінші болып жетті. Қарағанды өңірінің өкілі Ерлан Тасмағамбетов батутта секіруден ел қоржынына «қола» әкелді. Азия ойындарында екі қола медальды біздің спортшылар әртістік жүзуден жеңіп алды. Наргиза Болатова мен Ясмин Туякованың жұбытехникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша және біздің жігіттер аралас командалар арасында жүлдеге ілікті. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Ясмин Туякова және Даяна Джаманчалова қорғады.
Сарыарқа спортшылары Азия ойындарында лайықты өнер көрсетті!








