
Бүгінгі таңда жерлестеріміздің есебінде сегіз қола жүлде бар.
* Азиаданың алғашқы тарихи медалін қарағандылық ММА жауынгері Санжар Әділов жеңіп алды.
Аралас жекпе-жек-Жазғы ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Азия ойындарында ММА-данмарапатқа ие болған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.
* Артем Саркисян екі қола медаль жеңіп алды. Ол жеке жарыстарданжәне семсерлесуден(қылыш)командалық есепте жүлдегер атанды.
* Жеңіл атлетикаданда медаль бар. Алина Чистяковажеті сайыстанүшінші болды.
*Байдаркадан500 метр қашықтықта өткен финалдық жарыста теміртаулық спортшы Дмитрий Холмогоров үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.
* Қарағанды облысының өкіліЕрлан Тасмағамбетов батутта секіруден қола медаль жеңіп алды. Суперфиналда біздің отандасымыз 54,69 ұпай жинап, қытайлық екі спортшыдан жеңіліп қалды.
* Азия ойындарында біздің спортшыларымызәртістік жүзуденекі қола медаль жеңіп алды.НаргизаБолатова мен Ясмин Тұяқованың жұбы техникалық және ерікті бағдарламалардың қорытындысы бойынша жұптық жарыстардан565,7326 ұпай жинап, жүлдегерлер үштігіне енді.
Қытай-640,3576 ұпай;
Жапония - 601,3576 ұпай;
Қазақстан-565,7326 ұпай.
Екінші медальді біздің спортшыларымыз аралас командалар арасындағы жарыстарданжеңіп алды, Қазақстан 216,7961 ұпай жинады. Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды 286,2688 ұпай жинаған Жапония иеленді.
Қазақстан құрамасының құрамында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, ДаянаДжаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Азия ойындарының жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларынжеңістеріменқұттықтаймыз!Спортшыларымыздан жаңа марапаттар күтеміз!









