Үйлестіру кеңесінің отырысы

    1 / 6

    3 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста ішкі істер органдарының жабық мекемелерінде (тергеу изоляторлары, арнайы қабылдау орындары, уақытша ұстау изоляторлары, қабылдау-бөлу орындары) және мәжбүрлеп емдеуге арналған денсаулық сақтау ұйымдарында адам құқықтарының сақталу жағдайы талқыланды.

    Сондай-ақ Үйлестіру кеңесі мен Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі– Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

    Ұлттық алдын алу тетігі азаптаулардың және басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу міндетін жүзеге асырады. Осы мақсатта ҰАТ қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге алдын алу мақсатында баруды жүзеге асырады.

    Жыл сайын Үйлестіру кеңесі ҰАТ қатысушыларының жабық мекемелердегі адамдардың жағдайларына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға берген ұсынымдары негізінде шоғырландырылған баяндама әзірлейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары