Құқық қорғау орталығының өкілдері ІІМ ҚАЖК қызметкерлерімен кездесу өткізді

    1 / 2

    Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында адам құқықтары саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері, ұлттық құқық қорғау институтын дамыту және конституциялық реформа аясында Омбудсменнің өкілеттіктерін кеңейту мәселелері қаралды.

    Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне, сондай-ақ пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын қорғауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Іс-шара «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңда ұлттық құқық қорғау институтына жүктелген құқықтық ағарту және адам құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту бағыттары аясында өткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары