Іс-шара барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше қолдауды қажет ететін отбасыларға күнделікті көмек көрсетіп жүрген мамандарға алғыс айтылды.
Адал еңбегі, кәсібилігі және әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
Әлеуметтік саладағы жұмыс кәсіби біліммен қатар шыдамдылықты, жанашырлықты және адамдарға шын жүректен көмектесуге деген ниетті талап етеді.
Барлық әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге табыс тілейміз!









