Астана қаласында Еуропа Кеңесінің ұйымдастыруымен Омбудсменнің өңірлердегі өкілдері мен Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне арналған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шара қатысушылардың адам саудасының алдын алу, адамдарды қанаудың ықтимал жағдайларын анықтау және зардап шеккендердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталды.
Тренинг барысында адам саудасына қарсы іс-қимыл жасаудағы Омбудсмен институтының рөліне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар адам саудасының белгілерін анықтаудың өзекті тәсілдерін, құзыретті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудегі ерекшеліктерді қарастырды.
Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді анықтаудағы, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдағы және бұзылған құқықтарды қалпына келтірудегі рөліне айрықша көңіл бөлінді.
Тренинг кәсіби тәжірибе алмасуға, құқық қорғау қызметінің практикалық аспектілерін талқылауға, сондай-ақ адам саудасының алдын алу және зардап шеккендердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









