Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жұмысынан практикалық жағдайлар

    Әдіснама және бақылау бөлімі, №1 және №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А.А. Балмағамбетова және дәрігер-резидент, психиатр Н.О. Жандонгарованың қатысуымен «Балалар аутизмі» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинар барысында төмендегідей мәселелер қарастырылды:
    Балалар аутизмін диагностикалаудың заманауи критерийлері;
    Аурудың әртүрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық көріністерінің ерекшеліктері;
    Басқа психикалық бұзылыстардан ажырата диагностикалау;
    Балалар аутизмі кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;
    Проактивті куәландыру тәртібі.
    Семинар қорытындысы бойынша МӘС бөлімдерінің жұмыс тәжірибесіндегі практикалық жағдайлар талқыланып, медициналық құжаттаманы рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары