Медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі - МСЭ) шешімі мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі - МБА) әлеуметтік төлемдеріне, жеңілдіктеріне және өмір сапасына тікелей әсер етеді. Тәжірибеде қайта куәландыру кезінде мүгедектікті белгілеуден бас тарту немесе топты төмендету жағдайлары жиі кездеседі. Заңда құқықтарды қорғау тетігі - МСЭ шешімдеріне шағымдану көзделген.
Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Департаменті РММ МСЭ әдістемесі және бақылау бөлімінің бас маманы Геттих Н.В. жауап береді (мекенжайы: Ақтөбе қ., Маресьев көш. 101, 207-каб., тел.: 8 (71-32) 45-86-09)
Мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына деген қажеттілігін айқындау ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «МСЭ жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде МСЭ арқылы жүргізіледі.
МСЭ шешіміне қалай шағымдануға болады: қадамдық алгоритм.
МСЭ шешімі қабылданғаннан кейін - күндізгі куәландыру кезінде де, сырттай-проактивті форматта да - азамат немесе оның заңды өкілі келіспеген жағдайда, Қағидалардың 54-тармағына сәйкес, оны алған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей шағымдануға құқылы. 56-тармаққа сәйкес шағым өтініш берушінің тұрақты тіркелген жері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
Өтінішті қалай беруге болады:
Жеке өзі (қағаз түрінде) немесе e-Otinish порталы арқылы (еркін нысанда). Өтініш Департаменттің кеңсесінде тіркеледі.
Өтініштерді қарау ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК) сәйкес, қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпесе, 15-20 жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ 60 күннен асырмай жүзеге асырылады. Өтінішке жауап алу үшін http://e-Otinish.kz порталында жеке кабинетке немесе eGov mobile мобильді қосымшасына ЭЦҚ пайдаланып «Менің өтініштерім» бөліміне кіру қажет, немесе біздің Департаментке келуге болады.
Есте сақтау маңызды:
1. Өтініштер мәселені қарау құзыретіне кіретін органға немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
2. Өтініште өтініш берушінің ТАӘ, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
2. Өтініштің мәні өтініш берушінің тілінде еркін нысанда баяндалады.
3. Өтінішті өтініш берушінің өзі немесе оның заңды өкілі қол қоюы тиіс.
4. Азаматтардың анонимді өтініштері және өтініштерді қарау тәртібі ӘРПК және өзге де заңнамамен белгіленген өтініштер қарауға жатпайды.
5. Қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін өтініштер келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы азаматқа хабарлай отырып, тиісті органдарға жолданады.
Бастысы туралы қысқаша: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мүгедектікті белгілеу кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мақсаты - мемлекеттік көмектің әлеуметтік әділдігі мен атаулылығын қорғау. Анықталған барлық бұзушылықтар (бүгінгі күні бүкіл Қазақстан бойынша 167 факт анықталған) қатаң бақылауда және құқық қорғау органдарына беріледі. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша бұзушылықтар тіркелмеген.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








