Азаматтық ресурстық орталықта ашық есік күндері өтті

    1 / 7

    Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес, 27 қазан және 3 қараша күндері Азаматтық ресурстық орталықта Әділет департаменті мен Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысуымен ашық есік күндері өткізілді.

    Іс-шаралар аясында 20-ға жуық үкіметтік емес ұйым өкіліне ақпараттық және құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушылар қоғамдық бірлестіктер мен қорларды тіркеу және қайта тіркеу, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу, мемлекеттік қызметтерді алу, құжаттарды рәсімдеу және электрондық қызметтерді пайдалану тәртібі бойынша кеңес алды. Сондай-ақ, ұйым өкілдерінің қызмет барысында туындаған сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибелік ұсынымдар берілді.
    Сонымен қатар, 17 қараша күні салық органдары мамандарының қатысуымен салық салу, салық есептілігін тапсыру және үкіметтік емес ұйымдардың салықтық міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу жоспарланған.

    Байланыс ақпараты:
    Жоба үйлестірушілері: Солтабаева Эльзира Ауесханқызы, Ерғалиева Алмагүл Серікбайқызы.
    Мекенжайы: Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 9.
    Сенім телефоны: 8 771 875 97 99.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары