Абай облысының ішкі саясат басқармасы
Абай облысының ішкі саясат басқармасының миссиясы: өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты және ел бірлігін сақтауға, мемлекеттікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, жастардың толыққанды рухани дамуына жағдай жасауға, шешімдер қабылдау процесіне қатысуына, табысты әлеуметтенуіне және олардың әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына бағыттауға, Абай облысының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру.
Жаңалықтар
АшуСемейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды
АшуАзаматтық ресурстық орталықта ашық есік күндері өтті
Ашу«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды
АшуСемейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған байқау өтті
АшуАбай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
АшуДәстүрден сәнге дейін: Семейде «ABAI ШЕБЕР FEST» этнофестивалі өтті
Оқиғалар
6 шілде – Астана күні
Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз
Сұрақ-жауап
Гендерлік теңдік институтын нығайту
1995 жылы Пекин декларациясына қосылған сәттен бастап мемлекет мақсатты түрде гендерлік саясатты қалыптастыруға бағыт алды. 1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды, өңірлерде тиісті консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді.
Облыстық Достық үйінде ашылған этномедиация орталығының қызметіне/көмегіне қалай жүгіне аламын
Ашылған этномедиация орталығының мақсаты – өңірдің этносаралық қатынастары саласындағы медиацияны дамыту мәселелерін жалпы үйлестіру, этносаралық шиеленістің ерте алдын алу шараларын әзірлеу, іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу, оның ішінде облыстағы қала мен аудандарға шығу, этносаралық негіздегі жанжалдардың алдын алу және реттеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды, кеңес беруді ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және тағы басқа да міндеттер кіреді. Семей қ. Абай көшесі №99 мекенжайында «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ ғимаратында орналасқан этномедиация орталығының әдіскерлеріне жолыға аласыз.
Абай облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің негізгі мақсат-міндеттері
Міндеті - Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ халқының топтастырушы рөлін ескере отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және дамытуға бағытталған қызметін қамтамасыз ету. Мақсаты - облыс аумағында тұратын этностардың бай әрі бірегей мәдениетін сақтау және дәріптеу негізінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады .