
Түсіпбекұлы Жарқын
Басқарма басшысы
Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі.
Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Басқарма басшысы
Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі.

Басқарма басшысының орынбасары
Жемагулов Арман Серікқанұлы – 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінде дүниеге келген. Тоғыз сыныпты бітіргеннен кейін Семей қаласының «Қайнар» колледжіне түсіп, «Әлеуметтік сала маманы» біліктілігін алды. 2012 жылы Семей қаласының Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтады.

Басқарма басшысының орынбасары, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
Ыдырышева Гүлнұр Ниязбекқызы 1991 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің басшысы
1996 жылдың 21 наурызында дүниеге келген. 2017 ж. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, мамандығы «тарих».

Абай облысының ішкі саясат басқармасы азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы
1997 жылдың 7 шілдесінде дүниеге келген. 2017 ж. - Евразиялық технико - гуманитарлық колледжі, мамандығы «өрт қауіпсіздігі». 2021 ж. – Қазақстан-Американдық еркін университеті, мамандығы «құқықтану».
Абай облысы ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингілеу бөлімінің басшысы

Абай облысының ішкі саясат басқармасы қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің басшысы
Дюсембаева Мадина Нұрланқызы, 2000 жылы Аягөз ауданында дүниеге келген. 2021 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, Алихан Бөкейхан университетінде «Құқықтың өзекті мәселелері» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
Ешенғазин Думан Серікұлы 29.12.1993 жылы Семей қаласында дүниеге келді. 2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2018 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін гуманитарлық ғылымдар магистрі бойынша аяқтады.

«Абай облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекеменің «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
1965 жылы 9 тамызда Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген (тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері).

«Абай облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекеменің «Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры
1996 жылы 26 маусымда Ақсуат ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.