Қазақстан Республикасында жасына байланысты зейнетақыны есептеу және тағайындау тәртібі.

    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мен есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі Қазақстан Республикасында 2026 жылғы жағдай бойынша зейнеткерлік жас: Ер адамдар үшін – 63 жас. Әйел адамдар үшін – 61 жас. Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде сақталады. Сонымен қатар, бес және одан да көп бала туған немесе асырап алған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасында зейнетақы алу құқығына ие болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы қажет. Жасына байланысты ынтымақты зейнетақы төлемінің мөлшері азаматтың орташа айлық табысы мен еңбек өтіліне қарай есептеледі. Толық көлемдегі зейнетақыны есептеу кезінде орташа айлық табыстың 60 пайызы негізге алынады. Зейнетақыны есептеу үшін: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі; кез келген қатарынан 36 күнтізбелік айдағы орташа айлық табыс анықталады; есепке алынатын табыс 55 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет: Жеке куәлік. Зейнетақы тағайындау туралы өтініш. Еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжаттар. Білімі туралы құжаттар. Әскери қызметтін растайтын құжаттар. Әйел адамдарға қажет болған жағдайда балалардың туу туралы куәліктері. Банктік шот туралы мәліметтер. Әлеуметтік Кодекстің 209 бабына сәйкес Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен немесе соттың шешімі арқылы расталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары