Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының Ұланбел дәрігерлік амбулаториясында мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, еңбек қатынастарын заң аясында рәсімдеу, еңбек шартын жасасу және оның талаптарын сақтау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу мәселелері қамтылды.
Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тиісті түсініктемелер мен құқықтық кеңестер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек қатынастарында заң бұзушылықтардың алдын алу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









