Шу ауданы, Шу қаласында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ-де мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарының сақталу жағдайы қарастырылып, еңбек қатынастарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еңбек заңнамасын сақтау және оның талаптарын дұрыс орындау бойынша тиісті түсініктемелер ұсынылды.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру.









