Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың 10 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың 10 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 1 455 арыз-шағымды қарастырып, 196 тексеру жүргізді.

    Тексеру нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 179 фактісі анықталды. Оның ішінде 143 факт еңбек қатынастарына, 35 факт еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне, ал 1 факт халықты жұмыспен қамту саласына қатысты болды.

    Еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген жұмыстардың 10 ай нәтижесінде жалпы сомасы 661,5 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтеліп, 991 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

    Сонымен қатар, тексеру қорытындылары бойынша жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 104 нұсқама беріліп, заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 46 қаулы шығарылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 10 140 210 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Бұдан бөлек, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы мекемелерде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Есепті кезеңде 4 280 мекемеде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалды.

    Департаменттің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешектердің алдын алу және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды күшейту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары