Қарағандыда көрнекті ғалым Болат Қоңырұлы Қасеновке арналған мемориалдық тақта ашылды

    1 / 5

    РМК «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының» филиалы «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында»белгілі қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қ.И. Сәтбаев атындағы І дәрежелі сыйлықтың лауреаты БолатҚоңырұлыҚасеновке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, ғалымның әріптестері, шәкірттері, туған-туыстары мен жақындары қатысты. Мемориалдық тақтаның ашылуы өмірініңелу жылдамастам уақытын отандық ғылымды дамытуға арнаған көрнекті ғалымға деген құрметтің белгісі болды.

    Б.Қ.Қасенов институттағы еңбек жолын 1971 жылы бастап, аға зертханашыдан директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және термохимиялық процестер зертханасының меңгерушісі қызметтеріне дейінгі кәсіби жолдан өтті. Оның бейорганикалық химия, химиялық термодинамика және материалтану салаларындағы зерттеулері халықаралық деңгейде танылды. Оның жетекшілігімен 200-ден астам жаңа манганиттер, хромиттер мен ферриттер алынды. Ғалым 1000-нан астам ғылыми еңбектің, 35 монография мен кітаптың авторы, 31 авторлық куәлік пен патенттің бірлескен авторы болды. Б.Қ.Қасенов 4 ғылым докторы мен 23 ғылым кандидатын, сондай-ақ 8 магистрді даярлады.

    «Біздің отбасымыз үшін БолатҚоңырұлытек аяулы әке ғана емес, ғылымды бүкіл өмірінің басты ісі деп білген тұлға болды. Біз оның еңбегін, шәкірттерін және артында қалдырған ғылыми мұрасын мақтан тұтамыз. Оның есімі өзі ұзақ жылдар еңбек еткен институт қабырғасында сақталуы біз үшін өте маңызды. Бұл – біз үшін үлкен құрмет әрі оның есімін сақтап, бастаған ісін жалғастыру жолындағы зор жауапкершілік», – деді ғалымның қызы, химия ғылымдарының докторы, профессор, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының термохимиялық процестер зертханасының меңгерушісі ШұғаБолатқызы Қасенова.

    Мемориалдық тақтаның ашылуы ұрпақтар сабақтастығының және ғалымның отандық ғылым алдындағы еңбегін мойындаудың символына айналды. Оның ғылыми еңбектері, қалыптастырған ғылыми мектебі және даярлаған мамандары Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға өз үлесін қосуды жалғастыруда.

    БолатҚоңырұлы Қасенов туралы жарқын естелік оның ғылыми мұрасында, шәкірттерінің еңбектерінде және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының тарихында мәңгі сақталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары