САРЫАҒАШ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

    1 / 18
    Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
    Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және елді мекендерді көркейту мәселелеріне назар аударды.
    Жиын барысында аудан басшысы биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісіп, алдағы жоспарларды баяндады.
    Кездесуден кейін Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берілді.
    Жылға ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 2026 жылы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Жылға елді мекеніндегі Қойшығұлов көшесіне көше жарықтандыру шамдары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен қатар, елді мекеннің оңтүстік-батыс бөлігіндегі қоқыс полигоны жарықтандырылып, дезинфекциялық бөгет орнатылды. О.Жарылқасынұлы, Ж.Айтбаев және Ынтымақ көшелеріндегі электр желілері жаңартылды.Шеңгелді елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, теміржол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен С.Мұқанов атындағы мектепке дейінгі аралыққа ұзындығы 480 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды.Қарақалпақ елді мекеніндегі А.Бейсенбаев көшесінің бойына балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. Шымырбай елді мекеніндегі А.Есхожаев көшесіне, ал Шайхана елді мекеніндегі С.Танменов және Т.Бокин көшелеріне көше жарықтандыру шамдары орнатылды.Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау шаралары аясында 23 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары