1 / 7
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында аудан басшысы мердігер мекеме өкілдері мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, орындалатын жұмыстардың сапасына баса мән беруді және құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Энерго Транс Строй» ЖШС тарапынан ғимараттың шатыры толықтай ауыстырылған. Сонымен қатар, ішкі сантехникалық жүйелерді жаңарту, әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін дәрігерлік амбулаторияны материалдық-техникалық базамен нығайтып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде Шеңгелді елді мекені тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасы артып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасалмақ.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





