САРЫАҒАШ: ШЕҢГЕЛДІ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНДЫ

    1 / 6
    Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Шеңгелді елді мекенінде салынған жаяу жүргіншілер жолының сапасымен танысты.
    Жұмыс сапары барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстардың сапасына назар аударып, ауылдық округ әкіміне елді мекендегі тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуді және абаттандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
    Атап айтқанда, Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекенінде ұзындығы 480 метр жаяу жүргіншілер жолы салынып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Жобаны «Alsar Construction» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.
    Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары