11 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 12 қарашада облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы 11 қарашада түнде және күндіз 2-7 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аязға дейін, 12 қарашада түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Осыған байланысты Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









