САРЫАҒАШ: САМАЛ МӨЛТЕК АУДАНЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ БАРАР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

    1 / 3
    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Самал мөлтек ауданында салынып жатқан әлеуметтік көпқабатты тұрғын үйлерге апаратын жол мәселесін жауапты сала мамандарымен бірге талқылады.
    Кездесу барысында тұрғын үйлерге кіреберіс жол салу, жолдың жай-күйі мен құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
    Аудан әкімі тұрғын үйлерге апаратын жол мәселесін назарға алып, жауапты мамандарға жол инфрақұрылымын реттеу бағытында тиісті жұмыстарды пысықтауды тапсырды.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары